Қазақстан • 04 Тамыз, 2023

Елдің үш өңіріне қуаңшылық қаупі төніп тұр

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын ұсынды. Метеорологтар еліміздің үш өңіріне қатты қуаңшылық қаупі төніп тұрғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің үш өңіріне қуаңшылық қаупі төніп тұр

Қазгидрометтің дерегінше, осы айда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғал деңгейі негізінен нормаға жақын болады.

Мына өңірлерде қалыпты құрғақшылық болады:

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында;

Қызылорда облысының Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласында;

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында;

Жамбыл облысының Қордай, Жуалы аудандарында және Тараз қаласының маңында;

Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Түркістан, Созақ және Сарыағаш аудандарында;

Арқалық қаласының маңында (Қостанай облысы);

Қарағанды маңында.

Мына үш аймақта қатты құрғақшылық болжанды:

Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында;

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында;

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында.

«Батыс Қазақстан облысының Қазталов және Тасқала аудандарында қалыпты ылғал болады», деп қосты «Қазгидромет».