Финалда америкалық Брайсон Барронды жеңген 120,2 келіге дейінгі ауыр салмақтағы қостанайлық Радомир Морозов чемпион атанды. Әлем чемпионатында қарағандылық Егор Желтов (52,2 келіге дейін) пен павлодарлық Эльмира Михмендиева (52,2 келіге дейін) қола медаль иегерлері болды.
Еске салсақ, бұған дейін өз салмақтарында маңғыстаулық Еркебұлан Исламғали әлем чемпионы атанып, түркістандық Пердебек Орынбасар қола жүлдені иеленген.
46 елден 653 спортшы қатысып жатқан тарихтағы ең ірі чемпионатта Қазақстан құрамасы сапында 14-15 пен 16-17 жас аралығындағы 35 спортшы бар.
Еліміздің қоржынында екі алтын мен үш қола, барлығы бес медаль бар.