Қоғам • 06 Тамыз, 2023

Алматы облысында жаппай төбелес болып, 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды

927 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жастар арасындағы төбелес болып, 17 жасар жасөспірім қаза тапты.  Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Алматы облысында жаппай төбелес болып, 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды

«Қайтыс болған жасөспірімге оқ тигені анықталды. Оқ атқан мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-ға қамалды, бұл факт ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі 14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды», деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың біріне оқ тиіп, қайтыс болғаны анықталды. Облыстық ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

«Басқа қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 293 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп нақтылады Әленов.

Еске сала кетсек, 5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.