Қоғам • 06 Тамыз, 2023

Шымкентте 18 жастағы колледж студенті хабар-ошарсыз кетті

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте 18 жастағы колледж студенті хабар-ошарсыз кетті

5 тамызда Әл-Фараби ауданындағы полиция басқармасына жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түсті. Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Аида Әбілда - «Бұлақ» колледжінің 1 курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).

«Іздеу жұмыстары полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз», деді Шымкент полиция департаментінің өкілдері.