Әлем кубогі жарыстарында топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүрген отандасымыз Жазғы универсиадада өз мықтылығын дәлелдеп, үш бағдарлама бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Жерлесіміз алдымен керме жаттығуында 14,800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанса, кейіннен еркін жаттығуда күміс жүлдегер атанды. Ал тірек секіру сайысында Карими Украина және қытайлық Тайбэй өкілдерін алға жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Сонымен қатар тағы бір өкіліміз Нариман Құрбанов ат жаттығуында финалда бақ сынап, 15.266 ұпаймен жарыстың күміс жүлдегері атанды. Бас жүлде мен қола медаль қытайлық Тайбэй өкілдеріне бұйырды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасының спортшылары 18 (2 алтын, 7 күміс және 9 қола) жүлдемен 17-орында келеді. Ал көш басында Қытай құрамасы тұр. Олардың еншісінде 133 медаль (76 алтын, 30 күміс, 27 қола) бар. Екінші орында Жапония – 71 медаль (18 алтын, 23 күміс, 30 қола) болса, үздік үштікте Корея спортшылары орналасқан – 50 (17 алтын, 15 күміс, 18 қола).