Спорт • 07 Тамыз, 2023

Асудың алғашқы жеңісі

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым – UFC-де өнер көрсе­тетін жерле­сіміз Асу Алмабаев дебют­тік айқасында жеңіске жетті.

Асудың алғашқы жеңісі

АҚШ-тың Нэшвиллде қаласында ұйым­дастырылған UFC турнирінің алдын ала кардында отандасымыз америкалық Оде Осборн­мен кездесті. Аса тартысты өткен айқастың екінші раундында отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен тізе бүктіріп, UFC әлеміндегі алғашқы жеңісін тойлады. Бұл – Асудың UFC-дегі тырнақалды табысы болса, ММА-дегі 14 жеңісі.

Сонымен қатар Асу Алмабаев айқасын мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін UFC тарапынан қосымша 50 мың доллар көлеміндегі сыйақыға ие болды. Жерлесімізден бөлек мұндай қаражат мерзі­мі­нен бұрын жеңіске жеткен Татьяна Суарес, Дастин Джейкоби, Диего Лопес пен Карл­стон Харриске де берілді.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024