Теннис • 07 Тамыз, 2023

Екінші финалында есе жіберді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен жұптық сындағы еліміз­дің бірінші, әлемнің 45-ші ракеткасы Александр Недовесов Аустрияның Киц­бюэль қаласында аяқталған ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты.

Екінші финалында есе жіберді

Жерлесіміз эквадорлық Гонсало Эско­бармен бірге жарыстың соңғы бәсекесінде осы турнирдің 1-ші ракеткасы ретінде тір­келген аустриялықтар – Александр Эрлер және Лукас Мидлермен кездесті. Екі сетке жалғасқан матчта аустриялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді. Бәсеке барысында Недо­весов пен Эскобар – 5 эйс жасап, өкінішке қарай, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Қарсыластарына – 3 эйс, 2 брейк (12 брейк-пойнт) жеткілікті болды.

Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар жұбы биылдыққа осымен үшінші мәрте финалда ойнады. Осыдан бір апта бұрын олар Швецияның Бастад қаласында өткен АТР 250 санатындағы турнирдің жеңім­пазы атанған болатын.