Қоғам • 07 Тамыз, 2023

Соңғы екі жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 300 адам қайтыс болған

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда соңғы екі жылда шаңырақ басында жанжал шығаратындардың қолынан 300 адам көз жұмған. Мұндай деректі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz,

Соңғы екі жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 300 адам қайтыс болған

Қазір уәкіл кеңсесі тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен нәзік жандылардың құқықтарын бұзу мәселелеріне қатысты жұмыс жүргізіп жатыр.

«Бұл мәселе бүкіл әлемде өте өзекті. Бүгінгі күнге дейін 736 миллион әйел түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оның 640 миллионнан астамы (87%) - 15 жастан асқан қыздар мен әйелдер. Тек кейінгі екі жарым жылда елімізде отбасыдағы агрессорлар 300 адамның өліміне себепкер болған. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірудің 837 жағдайы тіркелді. 37 мыңнан астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды», делінген мәліметте.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025