Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 60 шаршы метр алаңда автомобиль сұйықтықтарын жинақтауға арналған қойма, жолаушылар «ГАЗелі» және шатырдың астында орналасқан автомобиль сұйықтықтары (антифриз, тосол) толығымен өртеніп кеткен.
Оқиға орнында екі ер азаматтың мәйіті табылды.
Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.