Аймақтар • 08 Тамыз, 2023

Балалармен серуендеген әкім

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаздың соңғы айы да жылыстап барады. Бұл мезетті естен кетпестей етіп өткізгенге не жетсін?..

Балалармен серуендеген әкім

Көксу ауданында әкіммен серуен акциясы өтіп жатыр. Көк­су­лықтар аудан басшысы Марлен Көлбаевпен бірге таңбозынан жат­тығу жасап, түрлі іс-шараға қаты­сып келеді.

Көрсе көңіл шалқитын Көксу ауданының тұрғындары жаздың әр күнін аудан әкімімен бірге өткізіп жүр. Ертемен аудан стадионына жиналған ардагерлер мен спортшы­лар, одан бөлек оқушылар мен жасөспірімдер М.Көлбаевпен бірге бірнеше шақырым жол жүреді. Бұл саламатты өмір салтын сақтауда тап­тырмас әдіс екені анық.

«Аудан басшысының бұл игілік­ті ісі тұрғындардың ыстық ықы­ла­сына ие болды. Әрі жастарға үлкен мотивация. Бірінен бірі өтетін іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Халық та бір уақыт рухани демалып, көңілдері көтеріліп қалды», дейді Алматыдан қонаққа келген Әсия Арманқызы.

Халықтың бос уақытын тиім­ді ұйымдастыру мақсатында Мәдениет үйінің алдында отандық және шетел­дің үздік фильмдер мен мульт­фильмдер үздіксіз көрсетіліп отыр. Қо­ңыр түннің самалымен ашық аспан ас­тында үлкен экраннан кино көр­ген көксулық жастардың көңілі шат. Сол маңға жиналған жетісу­лық­тарға тегін қарбыз бен балмұз­дақ ұсы­­нылып, арнайы вик­ториналар ойна­­тылады. Тіпті сый­лық­тар да табы­с­талады. Содан соң би кеші басталады.

Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Б.Оңғаров атын­дағы орталық стадионда әкіммен кеш­кі серуендеуіңізге болады. Бұл іс-шара айдың аяғына дейін жал­ға­сын таппақ. Қатысушыларға то­лық 10 000 қадам жүргенше тоқтау жоқ, әкіммен кез келген тақырыпта әңгімелесуге болады.