Фото: Шымкент ТЖД баспасөз қызметі
«Қаратау ауданы Геологтар саяжайындағы арық суынан 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды. Тереңдігі 50 см, ені 1,5 метр болатын суару арығына түскен тұрғындар 2021 жылы туған баланың денесін судан алып шықты», делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Екінші оқиға Абай ауданының Алматы тас жолы бойында болған. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың мәйітін байқаған. Тазарту жүйесінің тереңдігі 40 см, ені 1 метрді құрайды.
«Екі жағдайда да бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз», деп қосты қалалық ТЖД өкілдері.