«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке қарағанда, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.
«Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, күн күркіреп, дауыл тұруы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады», делінген синоптиктер болжамында.
Одан бөлек ел аумағында екпінді жел соғады деп болжанды. Ал батыста таңертең тұман күтіледі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +29+31°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.