Қоғам • 09 Тамыз, 2023

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 – 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 450,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 449,1 теңге аралығында құбылып тұр.
8 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге төмендеп, 445,93 теңге болған.

Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,64 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,53 – 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,65 - 4,75 теңгеден сатылуда.