Күрес • 09 Тамыз, 2023

Бұйырғаны – үш жүлде

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жас­өспірімдер арасында ұйымдасты­рыл­ған әлем чемпионаты аяқталды.

Бұйырғаны – үш жүлде

Жер-жаһанның ең мықты деген білекті балуандары жиналған Түркия бозкілемінде еліміздің де спортшылары белдесіп, үш жү­лдеге қол жеткізді. Әлем чемпионатының ал­ғашқы күніндегі еркін күрес шеберлерінің жарысында ауыр салмақтағы өкіліміз, жуыр­да ғана Иорданияның Амман қаласында өткен Азия біріншілігінде топ жарған Едіге Қасымбек (110 кило) финалдық сайыста қар­сыласына жол беріп, әлем чемпионаты­ның күміс жүлдегері атанды. Ол бас жүлде үшін өткен сайыста әзербайжандық Юсиф Дурсуновтан айласын асыра алмады.

Сонымен қатар еркін күрес шеберлері – Нұрдәулет Сейілбеков (71 кило) пен Самир Дурсунов (92 кило) әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде екі отандасымыз да үндістандық балуандардан басым түсті. Осылайша, жер­лес­теріміз әлем чемпионатын 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады.