Жер-жаһанның ең мықты деген білекті балуандары жиналған Түркия бозкілемінде еліміздің де спортшылары белдесіп, үш жүлдеге қол жеткізді. Әлем чемпионатының алғашқы күніндегі еркін күрес шеберлерінің жарысында ауыр салмақтағы өкіліміз, жуырда ғана Иорданияның Амман қаласында өткен Азия біріншілігінде топ жарған Едіге Қасымбек (110 кило) финалдық сайыста қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол бас жүлде үшін өткен сайыста әзербайжандық Юсиф Дурсуновтан айласын асыра алмады.
Сонымен қатар еркін күрес шеберлері – Нұрдәулет Сейілбеков (71 кило) пен Самир Дурсунов (92 кило) әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде екі отандасымыз да үндістандық балуандардан басым түсті. Осылайша, жерлестеріміз әлем чемпионатын 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады.