Жастар • 09 Тамыз, 2023

«Жастар апталығы» басталды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде «Жастар апталығы» арнайы іс-шарасы басталды. Осыған сәйкес 7-12 тамыз аралығында республика өңір­лерінің барлық алаңдарында қайы­рым­дылық, волонтёрлік және эколо­гия­­лық акциялар, бос орындар жәрмең­ке­лері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.

«Жастар апталығы» басталды

Іс-шаралар 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық Жастар күні қарсаңында ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.Басты мақсат – жастарға арнал­ған қоғамдық-мәдени, спорт­тық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы атаулы күннің қоғамдық мәртебесін көтеру.

«Жастар апталығы» еліміздің әр өңірінде «12 игі іс» қайырымдылық акциясымен басталды. Бұл күн­дері жас еріктілер мен жастар ұйым­дарының өкілдері қарттар үйлер­іне, балалар үйлеріне барады; экологиялық акция­лар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05