Қоғам • 10 Тамыз, 2023

Комиссияның кезекті отырысы

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Комиссияның кезекті отырысы

Отырыста Мемлекеттік комиссияның ғылыми жəне баспа қызметінің нəтижелері қаралды, архивтердегі зерттеулерден жиналған материалдар зерделенді, электрондық порталдың жұмысы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы есеп  тыңдалып, олардың ғылыми жинақтарын дайындау жөніндегі жобалардың іске асырылу барысы қаралды.

Жиында сонымен қатар Мемлекеттік комиссия мүшелері архивтерде жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында табылған, жазушы əрі ақын Жүсіпбек Аймауытов жазды делінген «Əзір өлмеймін» («Тез өлмен») шығармасын таныстырды. Шығарма Президент Архивінің ғылыми-іздестіру жұмыстары кезінде табылған болатын. Президент Архивінің директоры Ə.Мұстафина шығарманың қалай табылғаны жəне оған жүргізілген зерттеу жұмыстары жайын да айтты. Аталған шығарманы филологтар мен əдебиеттанушылар тағы да зерттемек.

Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми зерттеу қызметін жалғастыруға, өңірлік комиссиялардың материалдарын шығаруды жүйелендіруге, жабық қорлардың материалдарын цифрландыру жəне құпиясыздандыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған  тапсырма берілді.