Қоғам • 10 Тамыз, 2023

Ауыл тұрғындарымен кездесті

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аясында бірқатар нысанда болды.

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Сенатор «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Боранқұл ауылын да салынып жатқан спорт залы құрылысының барысымен, сон дай-ақ орта мектеп пен балабақшаның жағдайымен танысты.

Сондай-ақ ол Сарға ауылындағы су тазарту қондырғысының құрылысы алаңында да болды. Сүйіндік Алдашев құры лыс жұмысы аяқталғаннан кейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен жəне сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.

Депутат Бейнеу аудандық мұрағатының қызметкерлерімен кездесуі кезінде мекеменің жеке тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқанын жəне ол жердің құжаттарды сақтау талаптарына сəйкес келмейтінін білді.

Сенатор Сәкен Арубаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Депутат жұмыс сапары барысында Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығының егіс алаңы мен «Сол жақ тармақ» арнасы аумағын аралады. Сəкен Арубаев осы өңірдегі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесіп, су тапшылығы мен оның өзекті мəселелерін шешу жолдарын талқылады.

Депутат сонымен қатар жаңа мемлекеттік мұрағат құрылысының барысымен танысып, мекеме қызмет керлерімен де кездесті. Жүздесуге қатысушылар мұрағат қызметі мен осындағы қызметкерлердің жалақысының төмендігіне қатысты мəселелерді көтерді.

Ми