
3 тамызда Тунистің Сфакс қаласынан жолға шығып, қатты толқынның кесірінен апатқа ұшыраған қайықта 45 адам болған. Олардың арасында 3 бала бар.
«Қызыл Крест» ұйымы 4 жолаушының тірі қалғанын хабарлады.
«Италияның жағалау күзеті Лампедуза аралында 4 мигрантты құтқарып қалды. Олар апаттан кейін суда жүзіп келе жатқан. Олардың айтуынша, қайықтың қозғалтқышы істен шыққан», деді «Қызыл крест» ұйымы бас хатшысының орынбасары Игнасио Шинту.