Теннис • 10 Тамыз, 2023

Путинцева – екінші кезеңде

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен әйелдер арасындағы еліміз­дің екінші, әлемнің 61-ракеткасы ­Юлия Путинцева Канаданың Монреаль қа­ласындағы WTA 1000 турнирінің бірін­ші айналымында жеңіске жетті.

Путинцева – екінші кезеңде

 

 

Осы жарыстың іріктеу кезеңінен өте алмаса да, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы шақырту алған жерлесіміз «мыңдық» турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 53-орында тұрған америкалық Бернард Перамен кездесті. Екі сетке жалғасқан матчта жерлесіміз қарсыласын аса қиындықсыз 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, бәсекенің екінші айналымына өтті.

Кеше кешкісін өткен екінші айналымда Путинцева қазіргі таңда әлемнің үшінші ракеткасы атанған тағы бір америкалық теннис­ші Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Сондай-ақ кеше еліміздің үздік теннисшісі Елена Рыбакина да осы жарыстағы алғашқы ойынын өткізді. Бір күн бұрын өтуге тиіс болған Елена мен америкалық Дженнифер Брэди арасындағы матч жаңбырға байланысты кейінге шегерілді. Ойын тоқтатылғанға дейінгі есеп – 6:6, тай-брейкте америкалық теннисші 4:2 есебімен алда тұрған болатын.