Осы жарыстың іріктеу кезеңінен өте алмаса да, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы шақырту алған жерлесіміз «мыңдық» турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 53-орында тұрған америкалық Бернард Перамен кездесті. Екі сетке жалғасқан матчта жерлесіміз қарсыласын аса қиындықсыз 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, бәсекенің екінші айналымына өтті.
Кеше кешкісін өткен екінші айналымда Путинцева қазіргі таңда әлемнің үшінші ракеткасы атанған тағы бір америкалық теннисші Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Сондай-ақ кеше еліміздің үздік теннисшісі Елена Рыбакина да осы жарыстағы алғашқы ойынын өткізді. Бір күн бұрын өтуге тиіс болған Елена мен америкалық Дженнифер Брэди арасындағы матч жаңбырға байланысты кейінге шегерілді. Ойын тоқтатылғанға дейінгі есеп – 6:6, тай-брейкте америкалық теннисші 4:2 есебімен алда тұрған болатын.