Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 61,61 теңге (-0,18) болды.
Ұлттық банк еуроның бүгінгі бағамын - 489,93 теңге, рубльді - 4,59 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 445,1-447,7 теңге, еуро – 489,5-493,5 теңге, ресей рублі – 4,57-4,77 теңге аралығында сатылып жатыр.
Айта кетсек, бүгін Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны барреліне 0,62%-ға өсіп, 88,06 долларға жетті. Нью-Йорк тауар биржасында қыркүйекте жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 0,67%-ға өсіп, барреліне 84,85 доллар болды.