Теннис • 11 Тамыз, 2023

Үшінші айналымға шықты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Ры­бакина Канаданың Монреаль қа­ла­сында өтіп жатқан WTA 1000 санатын­дағы турнирдің үшінші айналымына шықты.

Үшінші айналымға шықты

Жүлде қоры 6 600 000 АҚШ долларын құрайтын жарыстың екінші айналымында отандасымыз әлемдік рейтингте 584-орында тұрған америкалық Дженнифер Брэдимен шеберлік байқасты. 9 тамызда өтуге тиіс болған бәсеке жаңбырға байланысты бірінші партия (6:6 кезінде) тоқтатылып, ойын бір күн кейінге шегерілген еді. 10 тамыздағы Елена мен Дженнифер арасындағы матч аса тартысты өтіп, жерлесіміз 6:7, 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кеше Елена аталған турнирдің төртінші айналымына шығу үшін тағы бір АҚШ өкілі Слоан Стивенспен кездесті. Дүниежүзілік рейтингте 38-сатыға жайғасқан Слоан екінші кезеңде Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен ойнауы керек еді, алайда Азаренко өзін нашар сезінуіне байланысты бәсекеден бас тартты.

Өкінішке қарай, Канададағы турнирге қатысып жатқан екі отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды. Торонтодағы ерлер турнирінде Александр Бублик бірінші айналымда польшалық Хуберт Гуркачке жол берсе, Юлия Путинцева Монреальдағы жарыстың екінші кезеңінде әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуладан жеңіліп қалды – 6:4, 6:4.