Спорт • 11 Тамыз, 2023

Бас бапкер тағайындалды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Даңқты балуан грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Бас бапкер тағайындалды

 

Юрий Мельниченко еліміздің еңбек сіңір­ген жаттықтырушысы ұзақ жылдар бойы грек-рим күресінен ұлттық құраманың көш­басшысы болды. Сондай-ақ ол – күрес түр­лері тарихында елімізден шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы және қазақ спортшылары арасында Олимпия ойындарының алтын тұғырынан көрінген алғашқы саңлақ. Сонымен қатар Юрий Мельниченко – ел чемпионатының жеті дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы, Азия ойындарының алтын жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс медаль иегері.

Юрий Мельниченко осымен ұлттық құрама тізгінін екінші мәрте ұстап отыр. Ол бұған дейін 2000-2004 жылдары ұлттық құрама мүшелерін жаттықтырған. Мельниченконың басшылығымен 2002 жылы ел құрамасы Пусандағы жазғы Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алса, Афинадағы Олимпия ойындарында екі жүлдеге қол жеткізген.