Бокс • 11 Тамыз, 2023

Қытайда жұдырықтасады

1 мин
оқу үшін

Бірінші ауыр салмақта жұдырықта­сатын отандасымыз Әли Балоев (12-1-1, 8 КО) кәсіпқой бокс шаршы алаңын­­дағы келесі жекпе-жегін Қы­тай­да өткізеді.

Қытайда жұдырықтасады

 

Боксшылардың статистикасын жүргізетін BoxRec.com сайтының мәліметі бойынша, жерлесіміз өзінің 15-айқасын 10 қыркүйек күні Қытайдың Ухань қаласында өткізуі мүмкін. Әзірше Балоевтың қарсыласы кім екені белгісіз, бірақ ол ауыр салмақтағы WBO Global титулы үшін жұдырықтаспақ.

30 жастағы Әли Балоев кәсіпқой бокстағы ең кейінгі жекпе-жегін осы жылдың 18 наурызында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Курейш Саговтан (8-2-1, 4 КО) басым түскен болатын. Бір айта кетерлігі, екі боксшы бірінші рет 2022 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде жұдырықтасып, сол айқаста ресейлік боксшы нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13