Фото: drs_kz инстаграм
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, жарыстар Белорусьтің екі қаласында, атап айтқанда, самбодан Жлобин қаласында, каратэден Могилев қаласында өткізілген.
Самбодан ел құрамасы 2 алтын және 3 қола медальді қаңжығаға байлады. 58 келіде Жасұлан Нариманов және 71 келіде Арнұр Қуатай өз салмақтары бойынша белдескендерінің бәрінен басым болып, алтын медальдар алды. Ал 50 келідегі Айжан Жылқыбаева, 72 келідегі Шынар Абатова, 88 келідегі Еламан Қойшыбаев өз салмақтарында қола жүлделерге қол жеткізді.
Каратэден ел құрамасы 1 алтын, 1 күміс медаль алды. WKF каратэнің ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева алтыннан алқа тағып, каратэнің кумите бағдарламасында Әбілмансұр Батырғали күміс медаль еншіледі.