Мектеп • 13 Тамыз, 2023

Аймақтардағы ауыл мектептеріне 415 автобус жеткізілді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің аймақтарына 415 жаңа мектеп автобусы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтардағы ауыл мектептеріне 415 автобус жеткізілді

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің инстаграм парақшасы

Бұл орайда Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Павлодар облыстары мектептерінің автопарктері толықтырылған.

«Биыл алғаш рет өңірлердегі мектеп оқушыларын тасымалдау үшін білім ошақтарын автобустармен біржолғы қамтамасыз ету міндеті жан-жақты қаралды. Ескірген автопаркті ауыстыру және автокөліктің санын көбейту мәселесі шешілді. Қазір облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қалған автобустарды өңірге жеткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы.

Айталық, жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктері тағылған орындықтармен, балаларды салонда қалдырудың алдын алу жүйесімен, салонның артқы жағында апаттық шығу жолымен, балаларды тасымалдау процесі кездерінде арнайы шамдардың тұтануымен жабдықталған.