Білім • 14 Тамыз, 2023

Бастауыш сынып оқушылары мектептерде тегін тамақтанады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептеріндегі барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің  Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Бастауыш сынып оқушылары мектептерде тегін тамақтанады

«Республика бойынша тегін тамақтың құны орта есеппен – 577 теңге. Алматыда ең жоғары баға – 800 теңге. Мектептегі тамақтандырудың сапасын арттыру мәселесі пысықталуда», деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының бастауыш сынып оқушылары, яғни республиканың барлық бастауыш сынып оқушыларының 56,6%-ы мектепте тегін тамақтанды.

Аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушылары, яғни 1,5 миллионнан астам бала тегін тамақтандырылады.