Аймақтар • 14 Тамыз, 2023

Қызылордада оқушылар үшін қосымша ғимараттар салынады

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі 600 орынға есептелсе де, қазір онда 2 275 оқушы білім алып жатыр. Сол себепті қараша айында мектеп-лицейдің жанынан 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталған. Жаңа оқу жылына қарай мектептің қосымша ғимараты оқушыларды қабылдауға дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада оқушылар үшін қосымша ғимараттар салынады

«Оқушы саны көп білім ошақтарының мәселесін тағы бір мектеп салып шешкеннен гөрі жанынан осындай қосымша ғимараттар салған тиімді. Қазір қала орталығында бос жер болмағандықтан, жаңа мектеп шет жаққа түседі. Оған балаларының барып-келуі ата-аналарға қиындық туғызады. Балалардың өз үйіне жақын, үйренген мектебінде оқығаны екі жаққа да қолайлы», деді облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі осындай қосымша ғимараттар №3, №264 мектеп-лицейлері мен Абай мектебінің жанынан салынып жатқанын қоса хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025