«Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет. Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған», деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейнежазба түрінде сұхбаттаса алады.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz порталында бірқатар онлайн-жәрмеңке өткізіліп, оған 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам жұмыс іздеуші қатысты.