Футбол • 15 Тамыз, 2023

«Ордабасы» озып тұр

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан еліміз Премьер-лигасының 19-тур ойындары Көк­ше­тау, Атырау, Петропавл, Алма­ты, Павлодар және Қызылорда қала­ларында өтті.

«Ордабасы» озып тұр

 

Сенбіде «Оқжетпес» «Жетісуды» қа­былдады. Қатарынан үш кездесуде жеңі­ліс тапқан көкшетаулықтар бұл жолы жан­күйерлерін қуанту үшін барын салды. Және де олар көздеген мақсаттарына қол жеткізді. Жасұлан Молдақараев пен Дәурен Жұматтың соққан добына талдықорғандықтар Мұса Бакайоконың голымен ғана жауап қайырды – 2:1. «Атырау» мен «Каспийдің» арасындағы бәсекенің тағдырын 21-минутта Евгений Козлов соққан жалғыз гол шешті – 1:0. Жексенбіде тағы төрт ойынды тамашаладық. «Қайрат» өз алаңында «Тобылды» 2:1 есебімен ұтты. 5 минутта Артур Шушеначев есеп ашса, 12-минутта Йован Илич таразы басын теңестірді. Үзіліске дейін Вячеслав Швырев нысананы дәл көздеп, «Қайратты» қайта алға шығарды. Содан кейін есеп өзгерген жоқ. Өзге матчтарға тоқталсақ, «Қайсар» «Ордабасыға» 2:3 есебімен есе жіберді. Ал «Қызылжар» мен «Шахтер» және «Ақсу» мен «Ақтөбе» тең тарасты. Екі ретінде де 1:1 есебі тіркелді.

Жарыс кестесінде «Ордабасы» жеке-дара көш бастап тұр.