Теннис • 15 Тамыз, 2023

Финалға шыға алмады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисші Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өткен жүлде қоры 2 788 468 АҚШ долларын құрайтын WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады.  

Финалға шыға алмады

 

Бұған дейін америкалық Дженифер Брэй­ди мен Слоан Стивенс және ресейлік Дарья Касаткинаны қапы қалдырған жерле­сіміз жартылай финалда Ресейдің тағы бір өкілі, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсо­нова­мен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте қарсыласын 6:1 есебімен ойсырата ұт­қан­да, Еленаның екпініне енді ол шыдай қоймас деп ойладық. Бірақ мұнымыз бекер екен. Келесі екі сет Самсонованың айқын жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:2. Арада бірнеше сағат өткеннен соң финалдық сайыс­ты тамашаладық. Шешуші тұста Ресей теннисшісінің қатты шаршағандығы байқалды. Ол америкалық Джессика Пегулаға лайықты қарсылық көрсете алмады. Небәрі 50 минутқа созылған тартыс 6:1, 6:0 есебімен аяқталды.