Қоғам • 15 Тамыз, 2023

Мемлекетке қайтарылған орман

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды.

Мемлекетке қайтарылған орман

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Жалпы ауданы 264 га құ­рай­­тын учаске 2018 жылдан бас­тап көзделген мақсатта пай­да­ланылмаған, жалдау ақысы төлен­беген. Сонымен қатар ор­ман өрттері қаупінің жоғары дәре­­жесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүр­гізілмей, өртке қарсы жос­пар­лар әзірленбеген. Бұл мән-жай­ларды негізге ала отырып, аудан прокуратурасының актісі бойын­ша уәкілетті орган сотқа жүгінді. Ақмола облысының маман­дандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі­мен ұзақмерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұдан бөлек, жақын күндері Астана қаласының прокурату­ра­сы­ мемлекетке 700 млн теңгеге жуық жер телімдерін қайтарғанын айта кетейік. Қала прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізген болатын. Тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шыға­ры­латын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімін мемлекетке беру тура­лы шешімін орындамаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалып, жер учаскелері мемлекетке берілді.