Атап айтқанда, 1 доллар құны – 449,17 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,58 теңге.
15 тамызда өткен кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге қымбаттап, 449,48 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449 – 453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 451,5 – 454,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,54 – 4,79 аралығында саудаланып жатыр.