Теннис • 17 Тамыз, 2023

Софияда сайысады

1 мин
оқу үшін

16-17 қыркүйекте Софияда еліміздің теннисшілері Дэвис кубогінің плей-офф сайысында Болгарияның ұлттық құрамасымен күш сынасады.

Софияда сайысады

Күні кеше ғана қос команда қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Аталған бәсекеде Александр Бубликке айрықша сенім артылады. Қазіргі кезде ол АТР рейтингінде 26-орынды иеленіп отыр. 26 жастағы жерлесіміздің ең жақсы  көрсеткіші – 2013 жылы Лондонда өткен Уимблдон турнирінің төртінші кезеңіне дейін жетуі. Сондай-ақ Александр соңғы кездері бірқатар халықаралық додада тәуір нәтиже көрсетіп жүр. Одан бөлек, София кортында Тимофей Скатов (жекелеген рейтингте 132-орын), Михаил Кукушкин (жекелеген рейтингте 243-орын), Александр Недовесов (жұптық рейтингте 45-орын) және Андрей Голубев (жұптық рейтингте 74-орын) өнер көрсетеді.

Жарыс қожайындарының «басты қаруы» –  Григор Димитров. Әлемнің 21 ракеткасы атанып отырған 32 жастағы Болгарияның беткеұстары кезінде Уимблдон, US Open және Аустралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, АТР турнирлерін сегіз рет ұтқан.

 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13