Фото: ашық дереккөз
Жаңа орденнің диаметрі - 50 мм, ол екі қабатты сегіз бұрышты жұлдыз түрінде болады. Орденнің алдыңғы жағында (ортасында) шаңырақтың өңі көк эмальмен толтырылып бейнеленген.
Шаңырақтан шеңбер бойымен күн сәулесі түрінде уықтар бөлініп жатыр. Шаңырақ астындағы көк түсті зергерлік эмальмен көмкерілген лентада жарты шеңбер бойымен «ЕЛ БІРЛІГІ» деген жазу жазылған.
Шаңырақ айналасында «қошқар мүйіз» өрнектері де болады.
Бастырма – ақ металл (күміс қорытпасы 999, алтын жалатылған).
Ендірме – текше цирконий (диаметрі 2,5 мм 8 дана).
Тиісті бұйрық 12 тамызда күшіне енді.