Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қазақстанның оңтүстік порттарға қарай сауда-экономикалық бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Пәкістанға/Пәкістан арқылы экспорттық/импорттық өнімді тасымалдау мәселелері өзекті және бүгінгі таңда жоғары басымдыққа ие екенін атап өтті.
Өз кезегінде Х. Аван өзі басқаратын компанияның қызметі туралы сөз қозғады, оның көлік-логистика индустриясындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді.