Мемлекет басшысы компания экономиканың түрлі секторында зор тәжірибеге ие екенін атап өтіп, еліміз ірі инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екеніне назар аударды.
Өз кезегінде Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстан аумағында сауда-логистикалық орталығын ашуға ниеті барын айтты. Бұдан бөлек, SOVICO компаниялар тобына кіретін VietJet Air лоукостері Қазақстанмен арадағы әуе қатынастарының санын арттыруды жоспарлап отыр.
Президент вьетнамдық компанияның алдағы жоспарларын құптап, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін еліміздің Үкіметі тарапынан жан-жақты колдау көрсетілетініне сенім білдірді.
SOVICO Group – Вьетнамдағы ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. Компания энергетика, құрылыс, банк және қаржы, авиация салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырады. 2022 жылы компанияның табысы 20,6 миллиард долларды құрады.
Кездесу барысында энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұқар жырау ауданы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
Қызылорда қаласында 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды
Аймақтар • Бүгін, 18:13
Көкшетауда екі студенттен вейп өнімдері тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматы облысы көлік инфрақұрылымын нығайтып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 17:25
Айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:15