Қоғам • 21 Тамыз, 2023

«Отағасының қалауы». Тележүргізуші қалай «малшы қыз» атанды

4252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауылда мал бағып, қой қырқып жүрген «Торғай қыздың» оқиғасы қызық. Шәрипа Жұмабайқызын бүгінде көбі малшы қыз, ауылдағы журналист Базарбаева деп таниды. Бір кездері тележүргізуші болған қыздың өмірі әп сәтте өзгеріп сала берген. Күйеуі басшылық қызметтен, өзі телеарнадағы жайлы жұмыстан бас тартқан.

«Отағасының қалауы». Тележүргізуші қалай «малшы қыз» атанды

Фото: Шәрипа Жұмабайқызының жеке мұрағатынан

Шәрипа Жұмабайқызы жұбайының ұсынысын қолдап, қазір ауылда мал бағып жүр. Қаладағы қызметтен кеткен отбасының қырдағы қызық тірлігі бүгінде әлеуметтік желі қолданушыларының көз алдында. «Малшы қыз» өзінің жеке парақшасына қой қырқу, малдарға екпе салу, емдеу деген сынды видеоларды жиі жүктеп тұрады.

Жақында «Ақ желкен» журналына Шәрипаның ауылдағы тірлігі жайында «Торғай қыз», жас журналист және қырдағы қызғалдақ» атты жазба жарияланды. Онда журналист қыз намысқа тырысып көп нәрсені үйренгенін айтады. Сиыр сауып, қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран – бәрін бір өзі жасап отыр.

К

Үш жылдан бері ауыл өмірі мен мал бағудың қыр-сырын меңгеріп алған келіншек: «Бұл да бір өмірдің өтуі керек кезеңі шығар. Білгенім, үйренгенім өзіме жақсы. Әрине, арманым қырда отырып мал бағу емес-тін. Бірақ адамның дегені емес, Алланың қалауы болады. Бұйыртса бұл жұмыстың да бір ыңғайын шығарып, қайта эфирге оралармын. Ол – уақыт еншісіндегі дүние», дейді.