Қоғам • 21 Тамыз, 2023

Елордада JOLTAP әлеуметтік жобасы басталды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада халықтың табысын арттыруға және жұмыспен қамтуға бағытталған JOLTAP атты жоба басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада JOLTAP әлеуметтік жобасы басталды

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – халықтың табысының өсуі үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмек көрсету.

Адам көп жиналатын орындарға «Баршаға мүмкіндік» модульді пункттерін орналастыру арқылы, жоба мұқтаж азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік және қосымша қолдау шараларын міндетті түрде ұсынады.

«JOLTAP» жобасының барлық сұрақтары бойынша күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін +7 (707) 221 31 31 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.