Футбол • 22 Тамыз, 2023

Алғашқы таңдау

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қыркүйек айында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде өнер көрсететін ойыншы­лардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Алғашқы таңдау

Оған мына футболшылар енді: Қақпашылар – Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайза­да («Ордабасы»), Данил Устименко («Қай­рат»), Александр Заруцкий («Астана»). Қор­ғау­шылар – Сергей Малый, Темірлан Ерла­нов («Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов («Тобыл»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей). Жартылай қорғаушылар – Асқат Тағыберген, Бауыржан Исламхан («Ордабасы»), Максим Самородов, Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев, Елхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков («Астана»), Рамазан Оразов, Ислам Чесноков («Тобыл»). Шабуылшылар – Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал») және Иван Свиридов («Шахтёр»).

Ұлттық командамыз оқу-жаттығу жиынын 21 тамызда Астанада бастады. 7 қыркүйекте жерлестеріміз елордамызда Финляндия құра­ма­­сын қабылдайды. 10 қыркүйекте сырт алаңда Солтүстік Ирландиямен сайысқа түседі.