Білім • 24 Тамыз, 2023

Елімізде мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесі басталды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім беру қызметкерлерінің дәстүрге айналған кеңесі екі күнге жалғасады. Биыл іс-шара «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесі басталды

Фото: sputnik.kz

Бүгін өңірлерде өз тақырыптық бағыттарына сәйкес секциондық отырыстар өтеді.

Ал ертең 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық сессия онлайн режимде ұйымдастырылады. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.