Спорт • 25 Тамыз, 2023

Тимофей Скатов US Open турнирінің іріктеу финалына шықты

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open турнирінің іріктеу финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимофей Скатов US Open турнирінің іріктеу финалына шықты

Фото: prosports.kz

АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Тимофей Скатов турнирдің екінші айналымында италиялық Рауль Бранкаччомен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.

Отандасымыз ертең US Open турнирінің негізгі кезеңіне шығу үшін АТР 250 Astana Open 2021 турнирінің финалисі Джеймс Даквортпен (Аустралия) сынға түседі. Өкінішке қарай, Михаил Кукушкин іріктеудің екінші сатысында франциялық Энцо Кокодан жеңіліп қалды - 6:7, 2:6.

Сондай-ақ кеше АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңінің жеребесі тартылып, жерлестеріміздің алғашқы қарсыластары анықталды. Атап айтқанда, Елена Рыбакина бірінші айналымда әлемнің 37-ракеткасы украиналық Марта Костюкпен, Александр Бублик осы турнирдің 2020 жылғы жеңімпазы аустриялық Доминик Тиммен кездеседі. Ал Юлия Путинцева италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік байқасады.