Білім • 28 Тамыз, 2023

55 мың оқушы жаңа оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

55 мың оқушы жаңа оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі. Инстаграм

Жыл соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде 55 мың орын 1-қыркүйекте ашылмақ.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Ал келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға берілмек.