Мектеп • 31 Тамыз, 2023

Биыл 382 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 382 мыңға жуық баланың 70 пайызға жуығы қазақ тілінде оқуға ниет білдірген, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 382 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

Суретті түсірген Ерлан ОМАР

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Алматы қаласында және Түркістан, Алматы облыстарында тіркелген. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткішке ие Шымкент қаласы және Түркістан, Алматы облыстары.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да өскен. Биыл 188 900 оқушы мектеппен қоштасады. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады. 55 мың бала жаңа оқу жылын жаңа мектептерде бастайды.

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар.