Ғылым • 31 Тамыз, 2023

Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты - Әлихан Смайылов

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты - Әлихан Смайылов

Фото: kazbilim.kz

«Ғылымды басқару моделі қайта ретке келтіріле бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес пен Ұлттық ғылым академиясы құрылды. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыруға ерекше назар аударылады. 2023-2025 жылдар аралығында ғылымды қаржыландыру көлемі 643 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде биылғы жылы 149 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп», деді Әлихан Смайылов.

Бұдан соң ол өткен жылы 1 700 жетекші ғалымның жалақысы 70%-ке өскенін еске салды. 

«Жыл сайын жас ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 грант беріле бастады. Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей мемлекеттік қаржыландыруға ауыстырылды», деді Үкімет басшысы.