Өнер • 31 Тамыз, 2023

Мерекеге арналған концерт

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция күніне орай елорданың Конгресс-орталығында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекеге арналған концерт

Концерттік бағдарлама аясында сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жайымов пен Ра­мазан Стамғазиев, «Құр­мет» орденінің иегері Дар­хан Рахымғалиев, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері Қарақат Әбілдина, халықаралық байқаулардың лауреаттары, оның ішінде Алтыншаш Мұқатаева мен «Витебск» халықаралық бай­қауының жеңімпазы Шерхан Арыстан және басқа да танымал орындаушылар өнер көрсетті.

Концерт­ке МКҚ Прези­денттік оркес­трінің эстрадалық-симфо­ния­­лық ор­кестрі, Астана қала­сы әкім­­дігінің мемлекет­тік ака­де­мия­лық филар­мо­ния­сының қазақ оркестрі, «Наз» мем­ле­кеттік би театр­ы, «Әдемі-ау» қа­зақ би ан­самблі және еліміздің басқа да шы­ғармашылық ұжым­дары қа­тысты.

«Конституция – тәуелсіз Қазақстанның рәміздерінің бірі. Сондықтан бұл күн біздің азаматтарымыз үшін ерекше маңызды. Конституция – еліміздің егемендігін, сондай-ақ осы құжатта белгіленген қа­ғидаттарға беріктік пен адал­дықты білдіреді. Барша отандастарымды осынау мерекемен құттықтаймын!» деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.