Президент • 01 Қыркүйек, 2023

Биылғы Жолдауда айтылатын міндеттер үш жылда орындалады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс екенін қадап айтты. Басқа аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы Жолдауда айтылатын міндеттер үш жылда орындалады

Фото: gov.kz

«Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді. Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі», деді ел Президенті.