Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023

Дулат Исабеков: Туризмді жолға қою үшін – жолды жөндеу керек

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында туризм саласының соқталы мәселелері көтерілгені өте орынды. Енді олқылық бүтінделіп, кешенді жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.

Дулат Исабеков: Туризмді жолға қою үшін – жолды жөндеу керек

Фото: https://qazaqstan.tv/

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында туризм саласының мәселесі де шет қалмады. Біз туризмді жолға қою үшін жолды дұрыс тегістеуден, кедір-бұдырын бүтіндеуден бастауымыз керек. Ұлан-ғайыр жерімізде туризмді өрістетіп, көрікті мекенімізді туристерге көрсетуде жолдың ауыртпалығы айтарлықтай сезіледі.

Мысалы Түркістаннан шыққан турист Шарынды көруі үшін бір күн жол жүреді. Алакөлдің суынан сая іздеп, батпағынан шипа сұрап барушыларды ойдым-ойдым жолдың шұңқыры сілелетіп тастайды. Басқа да мәселелер шаш-етектен. Жолдауда қамтылған түйткілдің түйіні уақытында шешілуі керек, атқарушы орындар соған білек сыбана кіріссе енді.

Жолдауда ауыл шаруашылығын дамыту жайы да қамтылды.  Жүзеге асырылып келе жатқан ауыл шаруашылығы саласына қатысты бағдарламалар орта жолда үзіліп қалмауы тиіс. Президент атаған машина-трактор паркінің әбден тозығы жетсе, ауылшаруашылығы саласының техникасы ескірмей қайтеді? Президенттің айтқан сын-ескертпесі ескеріліп, жүктелген міндеттемелер уақытында орындалса болғаны.

 

Дулат ИСАБЕКОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері,

жазушы, драматург