Президент • 02 Қыркүйек, 2023

Сервистік полицияны дамыту ісін жалғастыру керек - Президент

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен өткізген жиын барысында Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының жұмысын түбегейлі өзгертуге, халықпен және азаматтық қоғам институттарымен тұрақты байланыс жасауға қатысты жаңа идеялардың қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сервистік полицияны дамыту ісін жалғастыру керек - Президент

«Сервистік полицияны дамыту ісін жалғастыру керек. Ол үшін тұрғындарға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын ұсыну қажет. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесі де айтарлықтай өзгерістерді қажет етеді. Биыл 30 маусымда ІІМ кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларымның іске асырылуын қамтамасыз ету керек. Жүктелген міндеттер – өте маңызды. Сондықтан оларды табысты орындау үшін барлық жеке құрам және ең алдымен, министрлік басшылығы жұдырықтай жұмылуы қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ІІМ басшылығына жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақтылы іске асыру ісінде табыс тіледі.